Грек спортшылары Олимпиядалық ойындарға қатыспайтын болды

Танымал грек спортшылары Костас Кентрис және Катерина Тану төңірегінде орын алған дау соңына келіп жетті. Екі жеңілатлет Олимпияда ойындарына қатысудан бас тартты. Костас Кентрис өз сөзінде: “ Мен бұл қадамды жауапкершілікті сезіне отырып жасадым, сонымен қатар мен болашақта жаттықтырушыммен жұмыс істемейтінімді айтқым келеді”, -деді. Бұндай мәлімдемені Кентрис Халықаралық Олимпияда комитетінің тәртіп комиссиясының отырысы аяқталғаннан кейін жасады. Бұл отырыста екі спортшының демпинг-тестты не себептен тапсырмағаны талқыланған болатын. Тест тапсыру мерзімі аяқталған күні екі спортшы Кентрис және Тану жол апатына ұшырап, ауруханаға жеткізілген болатын, сол себептен олар комиссия алдында жауапты тек сәрсенбі күні берді.