Қазақстанда жекешелендiру купондарын қайта тiркеуден өткiзушiлердiң саны екi миллионнан асты. “Қазақстанның демократиялық таңдауы“ халықтық партиясы мен Қазақстанның Коммунистiк партиясының блогi тұрғындардың 1993-1994 жылдары зауыт-фабрикаларды жекешелендiруге арналған купондары есебiнен дивиденд алуын қамтамасыз етпек. Бастамашылардың айтуынша, олар Үкiметтен халықтың заңды өтемақысын талап етудi жоспарлап отыр.
Астанадағы Отырар көшесi 85-шi үйде орналасқан “Қазақстанның демократиялық таңдауы” партиясының жауапты қызметкерi Болатбек Бiләловтың айтуынша, Астанада соңғы он күнде 13 мың адам жекешелендiру купондарын қайта тiркеуден өткiзген. “Халыққа берiлетiн дивиданд көлемi өте аз болатын сыңайлы. Өйткенi, кезiнде халықтың купондары тоқыраған кәсiпорындарға жiберiлдi де, қолында билiгi барлар табысты зауыт фабрикаларды меншiгiне алды,-”дейдi Болатбек Бiләлов.
“Бұл акцияны ақпан айынан берi өткiзiп жатырмыз. Осы мәселенi көтергiсi келген Парламенттегi төрт депутаттымызға басқалар ерiк бермедi. Сондықтан, халықтың атынан әрекеттенудi жөн көрдiк. Бүгiнге дейiн екi миллиннан астам адам купондарын қайта тiркеттi. Қыркүйектiң аяғына дейiн үш миллион адамға жетуi мүмкiн,-” дейдi Рахат Каманов.
Қазақстан Коммунистiк партиясы орталық комитетiнiң мүшесi Жанбота Қарашолақовтың айтуынша, өкiнiшке орай, халқымыз осы кезге дейiн ешқандай құны жоқ құр қағаздармен қалды. Iрi компаниялар тарапынан нақты дивиденттер, акциялар жоқ.
Бастамашылардың айтуынша, бұл өткiзiлiп жатқан шараға халықтың сенiмi жоғала бастаған сыңайы бар. Алайда, Астананың өзiнде тәулiгiне 700-800 адам тiркеуден өтiп жатыр. Өздерiн Жеңiс Бегiмбаев, Бөлебай Мәденов деп таныстырған тұрғындар жекешелендiру купондарын халық тапсырып жатқан соң көптен қалмайық деген оймен келдiк дейдi.
Жекешелендiру купондарын қайта тiркеудiң барысын бақылаушылар да бар. Тәуелсiз бақылаушы Жеңiс Бегiмбаев бастамашылардың заңдылықты талап еткен қадамдарын маңызды мәселе деп санайды.
Мұның алдында ғана тамыздың 8-iне дейiн “Бутя капитал” қорына купондарына аударғандардың тiзiмi жасалған болатын. Оның қорытындысы әлi шыға қойған жоқ.. Болатбек Бiләловтiң айтуынша,қос партия блогiнiң бастамашылары қабылдауларын қыркүйектiң аяғына дейiн жүргiзбекшi.