Цхинвалида болған шайқас салдарынан бейбіт халық зардап шекті

Цхинвалидың солтүстігінде бүгін қатты шайқас болды. Бұл шайқас барысында артиллерия мен миномет іске қосылды. Оңтүстік Осетия жағының хабарлауынша, бейбіт халық арасында зардап шеккендер бар. Бүгін Грузия президенті Михаил Саакашвили Грузия жағы Цхинвалидан жаулап алған биіктіктерді бітімгершілік топтарының бақылауына беретінін жариялады. Бұл арада Оңтүстік Осетия жағы грузияның Цхинвали ауданындағы үш биіктікті жаулап алғанын жоққа шығарып отыр.Грузияның ішкеі істер министрлігінің хабарлауынша, соңғы күндері Грузияның 20 астам әскери қызметкері қаза тапты.