Ирақ қауіпсіздік күштерінің сарбаздары Имам Әли мешітінің ішіне кірді деп, хабарланды. Радикалды шиитердің басшысы Моқтада Әл Садрдың адамдары мешіт ішінде бекініп алған болатын. Ирақ әскері кірмес бұрын Әл Садрдың жауынгерлері Имам Әли мешітінен шығып кетті деп хабарлап жатыр, Ирақ полициясы және күәлар. Ирақтың Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты растады. Бірнеше күн бұрын американдық әскерилер қоршауға алған бұл мешіттің ішінен Әль Садр жақтастарының қарулы пана жайы табылған болатын. Түнде Американың әуе күштері шиит көтерілісшілерінің Ән-Нәджафтағы позицияларын шабуылдады.
Бүгін Әль Садр Имам Әлі кесенесін шииттердің дини баскармасына беру туралы усыныс жасаған.
Бүгін Әль Садр Имам Әлі кесенесін шииттердің дини баскармасына беру туралы усыныс жасаған.