Қазақстанның Жоғарғы соты Коммунистер мен демократиялық таңдауы халықтық оппозициялық блогының Орталық сайлау комиссиясының атына түсірген шағым-арызын қарамау туралы шешім шығарды. Өйткені аталған оппозициялық блоктың Жоғарғы сотқа берген шағым-арызында тек Асылбек Қожахметовтің ғана қолы қойылған. Жоғарғы сот шағым-арызда екі саяси партия жетекшілерінің де қолы болуы тиіс деп, Азаматтық кодекстің 249-бабына сілтеме жасап отыр.
Естеріңізде болса, Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлерді тіркеу кезінде Орталық сайлау комиссиясы Коммунистер мен Демократиялық таңдауы халықтық партияларының бірлескен «Әбділдин мен Жақияновтың оппозициялық халықтық блогының» өтінішін сайлау заңына сәйкес блоктың аты адам атауымен аталуға болмайды деп кейін қайтарған болатын. Осыдан кейін аталған екі партия «Коммунистер мен демоктиялық таңдауы партияларының оппозициялық блогы» деп қайта өзгерткен еді.
Сосын барып Орталық сайлау комиссиясы аталған блокты тіркеуден өткізіп, ал саяси блоктың жетекшілері Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиеваны сотқа бермек болып қалған. Екі оппозициялық партияның жетекшілері сайлау заңында блоктың атауы жөнінде ешқандай бапта айтылмағанын тілге тиек етеді. Олардың ойынша, блок «Әбділдин мен Жақиянов деп аталса, халықтың көбі осы партияға дауыс беруі мүмкін. Сондықтан биліктің әдейі істеп отырғаны дейді, – Коммунистер партиясының серкесі Серікболсын Әбділдин.
Ал оппозициялық блоктың Жоғары сотқа жазған шағым-арызына байланысты Жоғарғы соттың судьясы Балтабаев төмендегідей шешім шығарған: «Жоғарғы сот Коммунистер партиясы мен Қазақстанның демократиялық таңдауы оппозициялық блогының Орталық сайлау комиссиясының атына берген шағым-арызын қараған жоқ. Өйткені Орталық сайлау комиссиясының төрайымынан аталған оппозициялық блоктың Жоғарғы сотқа берген шағым-арызында екі партия жетекшілерінің де қолы қойылуы тиіс, – деген өтініш түскен. Шағымданушы жақтың өтініш қағазында екі саяси партия жетекшілерінің де қолы мен мөрі болуы тиіс».
Жоғарғы соттың шешіміне байланысты Коммунистер партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдин «Бір адамның ғана қолы бар деуі сылтау, мен де қолымды қойдым. Қайтып Жоғарғы сотқа арыз бердік», – дейді.
Ал Коммунистер партиясының тағы бір мүшесі Жанбота Қарашолақовтың айтуынша, бұл жолы шағым-арызды нотариус арқылы бекіткен. «біз ол мәселенің саяси астары бар екенін түсініп отырмыз. Сондықтан менің ойымша, «Әбділдин мен Жақиянов» деген халыққа танымал атауды енгізбеу жөнінде жоғарыдан бұйрық келіп түскен. Сотқа қысым болуы мүмкін», – дейді Жанбота Қарашолақов.
Сонымен қатар Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты Владислав Косарев жетекшілік ететін коммунистік халық партиясының Орталық сайлау комиссиясынан «Коммунистер мен Қазақстанның демократиялық таңдауы оппозициялық одағы» деп аталатын сайлау алдындағы блокты тіркеу шешімін тоқтатуды талап еткен арызын қанағаттандырмады. Сарыарқа аудандық соты құқық бұзушыға қатысты айғақ-дәлелдер тартылмаған. Бұған қоса арызда құқық бұзушының қандай заңды бұзғандығы туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сілтеме жасалмағандығын айтқан.