АҚШ солдатының заңгері Әбу Ғрайб түрмесіндегі заңсыздықтарға байланысты сотта АҚШ Қорғаныс хатшысы Дональд Рамсфельдтің куә ретінде жауап беруін қалауда

Тұтқындарға зәбір көрсеткені үшін айыпталып отырған сержант Жавал Дейвис- сот қарсаңындағы тыңдауларға қатысып отырған төрт солдаттың бірі. Бұл үдеріс АҚШ-тың Германиядағы базасында өтуде. Бұдан бұрын айыпталушы сержант Иван Фредерик те осындай талаптарын білдірмек болған-ды. Алайда мұндай талаптарды АҚШ әскери соты, дәлелдердің жеткіліксіздігі себепті кері қақты.