Нажафта Ирақ ұлттық жасағы жауынгерлері АҚШ күштерімен бірге Имам Әли мешітіне жақын жерге орналасқан

Мұнда Мұқтада әл-Садр жақтастарымен шайқас бірнеше апталарға созылуда. Теке-тірестерді тоқтататын сағаттардың жақындап қалғандығын Қорғаныс министрі мәлімдеп отыр. Сондай-ақ, Ирақтың екі министрі шабуылдардан аман қалды. Қоршаған ортаны қорғау министрі Мишкат Моумин ханымның тобына жанкешті біреу бомбалық шабуыл жасаған болатын. Оның кесірінен бес оққағары қаза болып, кем дегенде 10 адам жараланған. Бағдаттың батысында Білім министрі Сами әл- Мұдхаффар тобы жол шетіндегі бомбалық жарылысқа тап болған екен. Оның барысында бір адам қаза болып, екеуі жарақат алған. Ол кезде министр бұл топ ішінде болмаған екен.