Ирақ шиитерінің көсемі Ән-Нәджаф қаласына келді

Ирақ шииттерінің діни жетекшісі Әлі Әль Систани коалиция күштері мен радикалды шиитер жетекшісі Моқтада Әль Садр жақтастары арасында орын алған әскери қақтығыстарды тоқтатқысы келіп, әрекеттену үшін бүгін Ән-Нәджаф қаласына келді. Кеше Әль Систани мемлекеттегі шиитерді Ән-Нәджаф қаласына қарай бейбіт шеруін ұйымдастыруға шақырған. Бұл шеруге қатысқан Әль-Куфа қаласындағы азаматтарға бүгін шабуыл жасады, құрбандар бар. Бұл шабуылға кім жауапты екені белгісіз. Әль Куфа қаласында болған оқ-атыс салдарынан кем дегенде 25 адам қаза тапты 60 адам жаралы.