Шығыс Қазақстан облысында археологиялық қазба жұмыстары кезінде бір әйел, бір ер адамның тас мүсіні табылып отыр. Ғалымдардың болжамы бойынша бұл Қозы Көрпеш – Баян сұлудың мүсіндері болуы мүмкін екен. Сондай-ақ, зерттеу нәтижесінде хан мүсіні табылған. Ғалымдар мұндай жайт Қазақстанда бұрын-соңды кездескен жоқ. Алайда, қай ханның мүсіні екендігі әлі де терең зерттеуді қажет етеді, анықтала қойған жоқ дегенді айтуда.
Орхон немесе Көк түріктер ескерткіштерінің қаншалықты сақталғандығын білу мақсатында қазба жұмыстары жүргізілді. Археолог ғалым Сартқожа Қаржаубайұлының айтуына қарағанда, қазба жұмыстарының нәтижесінде тас мүсіндер табылған. «Таңсық ауылынан 190 шақырым жердегі Өкпек тауының үстіне шыққанымызда бір әйел, бір жас жігіттің мүсіні табылды. Мұндағы ерекшелік екеуі де анадан туғандай жалаңаш, жігіттің басында шошақ тымағы бар. Бұны сол жердің халқы «қос ғашықтың мүсіні» деп атайды екен. Өкпек тауының өзі теңіз деңгейінен 200 метр биіктікте. Осымен Таңсықтағы Қозы Көрпеш-Баян сұлу арасында бір байланыс бар. Сондықтан бұны келешекте жақсылап зерттеу керек», - дейді Сартқожа Қаржаубайұлы. Сондай-ақ оның айтуынша, Тарбағатай тауынан ханның мүсіні табылған. Бұл Қазақстаннан табылып отырған Көк түріктер дәуіріндегі ханның бірінші мүсіні.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданына қарасты Шілікті жерінде тарих ғылымының докторы, профессор Әбдеш Төлеубаевтың жетекшілігімен патша қорғаны зерттелген. Қорған екі бірдей топырақ қабатынан тұрады,- дейді Әбдеш Төлеубаев. «Бірінші қабаты дәл үстіңгі жағында қалыңдығы 1 метрдей, ал етек жағында 2 метрдей құм араласқан қиыршық тас, одан кейінгі қабаты 5 метрдей шым мен сары топырақтан салынған. Бұл қабаттың астынан қабыр шұңқырының ізі шықты. Сондай-ақ шығысқа қарай бағытталып салынған, үстін ағашпен жапқан дәліз табылды. Қабыр шұңқырдың көлемі 3 метрдей»
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих, халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы Айнұр Сегізбаеваның айтуынша, зерттеу жұмыстары былтыр да жүргізілген. «Биылғы қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан тұста жердің жоғарғы қабаттарынан тарақ және басқа да дүниелер табылды. Соған қарап бұл әйел адамның қабыры болар деген болжам жасалды», - дейді.
Археолог ғалым Сартқожа Қаржаубайұлы «Біздің қолымызға түскен деректер Көк түріктердің батыс шекарасы Балқашқа дейін келгендігін анықтайды. Олай болса, бұл экспедиция қазақ тарихының жаңа бетінің пайда болуына септігін тигізері сөзсіз», - деді.