Бұл Исламдық вебсайтта жарияланған мәлімдемеден белгілі болған. Өздерін Ансар әл-Суннаның Ислам армиясы деп атайтын бұл топтың вебсайтта жария болған мәлімдемесінен үзінді келтірсек: "Мұсылмандарға қарсы күрескені үшін және еврейлер мен христиандарға қызмет көрсете отырып, олардың құдайы- Буддаға деген сенімдері үшін ..." деп жазылған. Видеотаспадағы түсірілім 12 адамның жазаланып жатқанын көрсетеді. Бірақ Непалдың сыртқы істер министрлігі бұл хабарды әзірге растай алмағандықтарын айтады.
Непал АҚШ-ң Ираққа бастаған соғысында одақтас емес.