Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан ұлтын қалыптастыру» туралы бастама көтеріп отыр. Ол бұл ойын Қазақстан халықтары Ассамблеясының жетекшілерімен, ұлттық-мәдени орталықтардың төрағаларымен кездесуінде айтқан. Қыркүйектің 1-індегі Парламент палаталарының бірлескен отырысында жасаған баяндамасында да осы бастамасына тоқталып өтті. Бұған Парламент депутаттары мен зиялы қауым өкілдерінің кейбірі пікір білдіріп үлгерді.
Пікірлердің бір парасы оның ұлттық құндылықтардың сақталуына кері әсер етуі мүмкін деген пікір білдірсе, ал енді бірі «Кеңес халқы» идеясының қайта оралу деп қабылдауда.
Қазақстан халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жұматай Әлиевтің айтуынша, «Қазақстан ұлтын қалыптастыру» кезеңі келді. Дер кезіндегі бастама. «Мұны ғалымдар мен саясаткерлер, ұлттық мәдени орталықтар жан-жақты талдап, өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін білдіретіндігі белгілі»,-дейді.
Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза Брежнев дәуірінде «Кеңес халқы» деген ұғымның алуан түрлі ұлт өкілдеріне зорлықпен таңылғанын оның өмірі ұзақ болмағандығын айтады.
Мәжіліс депутаты Аманкелді Айталы «Қазақстан ұлты деген түсінік орыс тілді басылымдарда ғылыми түрде талданып жүр. «Олар Қазақстанға халықты бір ұлтқа топтастырудың әмерикандық әдісін ұсынады. Жалпы, Қазақстан жағдайында Қазақстан халқы немесе «казахстанская нация» деген атаудан аулақ болған жөн. Мұны халық этникалық ұғым ретінде қабылдайды,»- дейді Аманкелді Айталы.
Парламент Мәжілісінің депутаты Фариза Оңғарсынова өзінің Америкада болғандығын ондағы халықтың «Біз американдықтармыз» деген ұранмен өмір сүретіндігін айтады. Бұламерикандықтарға жарасып тұрғанмен, Қазақстан үшін жат құбылыс деген ойда.
Астана тұрғындары Қазақстан Президентінің бастамасын әртүрлі қабылдауда. Кейбірі «Біз Қазақстанда тұрамыз. Осында еңбек етеміз. Тұрақты қаламыз. Сондықтан Президенттің бастамасын қолдаймыз десе, енді бірінің пікірі басқаша. «Болашақта Қазақстан халқын бір идеяға топтастыру керек. Бірақ, Қазақстан ұлтын қалыптастыру дегенге қосылмаймын. деген кезде жергілікті жердің жағдайын білетін, мекендеген тарихына ынтызар адамдар мұны қолдайды. Олардың мүддесі бір деп түсінемін»,-дейді филология ғылымдарының доктoры Дихан Қамзабекұлы.
Қазақстан халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жұматай Әлиевтің айтуынша, Қазақстандағы 19 ұлттық мәдени орталықтар Президент грантына ие болды. Мәдени орталықтардың мүшелері бұл бастама жөніндегі өз тұжырымдамаларын дайындауға кірісіп кетті.