Дәрігер Сейфиддин Таха тағы да 6 адам жарақаттанды деген.
АҚШ әскерилері құрбан болғандар жөнінде дерек айтпаған, бірақ әуе шабуылы американдық ресмилер әл-Қаида террорлық жүйесімен байланысы бар деп есептейтін, Абу Мусаб әл-Зарқауидің адамдары баспаналады дейтін екі үйдің ғимаратын көздеп жасалғандығын айтқан.
Американдықтардың мәлімдеуінше, сәрсенбі күні ертерек Фаллужаның оңтүстігінде Зарқауидің адамдары көзге түскен.