Буштың сөзі Республикандықтардың төрт күннен бері Нью-Йоркта өтіп жатқан жиналысын қорытындылайтын болады.
Сәрсенбі күні вице-президент Дик Ченей делегаттарға Буш берік шешім қабылдай алатын мықты басшы деп атап көрсетті. Ченей сондай-ақ АҚШ Ауғанстаннан Талибанды шығарды, Ираққа соғыс ашып кіргені дұрыс қадамдар болды деген. Вице-президент Демократтар тарапынан президенттіке кандидаты Джон Керри сенатор кезінде американдықтардың қауіпсіздігі үшін дұрыс дауыс берген жоқ деп айтқан.
-Тарих күшті және мақсатты Америка біздің еркіндігіміз бен қауіпсіздігімізді сақтайтынын көрсетті, сенатор Керри ұлттық қауіпсіздікке қатысты қайта-қайта қателесе береді,-деген Дик Ченей.
Джон Керридің өкілдері вице-президенттің мұндай сөздерін және республикандықтардың Керри туралы айтқандарын сынға алған.