Сот Британия адвокаттары Стивен Кей мен Джиллиан Хиггинсті Милошевичтің қорғаушылары етіп бекітті. Алайда Милошевич соттың бұл шешіміне наразылық танытқан.
Төрағалық етуші судья Патрик Робинсон дәрігерлердің анықтамасынан Милошевичтің өзін-өзі қорғауға денсаулығы жарамайтыны белгілі болып отыр деп айтқан.
Милошевитің жасы 63-те. Ол Балкандағы этникалық тазалауға қатысты деген айыптауларға байланысты өзін-өзі қорғау сөзінің кіріспесін кеше аяқтаған болатын.