Солтүстік Осетиядағы Беслан мектебінде адамдарды кепілдікке алғандар бес әйел мен үш сәби нәрестені бостандыққа жіберді деп хабарлады соңғы сәттерде әлемдік жаңалықтар агенттіктері

Солтүстік Осетияның ішкі істер министрі Казбек Дзантиев бұл төтенше оқиға барысында қаза болған бейбіт тұрғындар саны 12, ал қашып шыққан оқушылар 15 деп айтқан.

Бүгін Ресейдің ұлттық теледидарынан сөйлеген сөзінде Ресей президнеті Вл. Путин Ресей күштері кепілдікке алынғандардың өмірін сақтауға күш салады деген.

-Біздің ең басты міндетіміз - кепілдікте отырғандарды аман алып қалу, олардың өмірін сақтау. Барлығы да ең алдымен осы мақсатқа жұмылдырылған,- деп атап көрсеткен президент.