Төтенше жағдайға байланысты дағдарыс себебінен Ресей президенті Вл. Путин өзінің Түркияға жоспарланған сапарына бармайтын болды деп хабарлаған Кремль.
Қарулы топ Бесландағы мектепке кеше таңертеңмен шабуылдап, жаңа оқу жылы басталып жатқан сәтте жиналғандарды түгелдей кепілдікке мектеп ішіне қамап алған болатын. Осы уақытқа дейін олардың кімдер екендігі де және қояр талаптары нақты белгілі емес.
Федералдық қауіпсіздік қызметінің аймақтық басқармасының басшысы Валерий Андреев былай деген:
-Түні бойына шұғыл тексеру-тергеу жұмыстары жүргізілді. Оның барысында мектептегі лаңкестердің кейбірінің кімдер екендігі анықталды, соның нәтижесінде олардың туыстарын тауып, қалыптасқан жағдайға әсер етудің жолдары қарастырылуда.
Ресмилер мектепті басып алушылармен тілдесу мүмкін болғанымен, онда қамалып отырғандарға азық-түлік, дәрі-дәрмек өткізуге келіспей қойды деген.
Солтүстік Осетияның билік басылары бүгін кепілдіктегілердің нақты саны 354 деді, олардың 130-ы балалар екен.
Кепілдікке алушылар егер Ресей күштері мектепті қоршап, шабуылдайтын болса, ғимаратты жарып, балаларды өлтіреміз деп айбат көрсеткен.