Солтүстік Оссетиядағы Беслан қаласындағы орта мектепте сәрсенбі көні басталған кепілдік тұтқыны теке-тіресі бейсенбі күні одан әрі жалғасты. Ал тамыз айында Ресейдің, бір уақытта, қатарынан екі жолаушы ұшағы террорлық шабул кесірінен апатқа ұшырады, осы аптада Мәскеудегі метрода жанкештілік шабуылы болды. Жүздеген адам қаза тапты.
Президент Путин өз демалысын екі рет бөліп келіп, терроршылық әрекеттерді жеңеміз деген уәдесін айтты.
Бірақ мұндай лаңкестіктер түптің түбінде президент Путинның беделіне кесір болып тимес пекен?
Ресейдің түрлі аймағында Соңғы апталарда болып жатқан террорлық шабуылдар, қауіпсіздікті күшейтемін, экономиканы өркендетемін деген уәделеріне қарамастан, президент Путиннің беделіне бәрібір кесір болып тиетін түрі бар деп бастайды өз хабарын талдаушымыз Валентинас Мите.
Мәскеудегі Халықаралық байланыстар институтының сарапшысы Кирил Коктиштің айтуынша, көптеген орыстар соңғы бір жарым аптада болған террорлық шабуылдарға қарсы тұра алмаған үкіметтің бұл дәрменсіздігіне түсіне алмай дал болуда.
- Меніңше, бұл шабуылдардың түпкі мақсаты тереңде жатыр. Осы кезге дейін жұрттың көкейінде, ресми әкімшілік бұл мәселені шеше алар мекен? деген сұрақ тұрғанымен, енді басшылық терроршыларға қарсы тұра алар мекен деген күдікті жағдай алдында қалып отыр, дейді Кирилл Коктиш.
Сарапшының пікірінше, бұл шабуылдардың негізгі себебі, аса нашарлай түскен экономикалық жағдайда жатыр. Жағар- жанармайдың бағасы көтерілген сайын соған байланысты өзге де зат, тауарлардың нарқы асуда. Нәтижесінде президент Путинның абыройы төмендеуде, дейді Коктиш. Сондықтан, ресейліктер Путиннен неге тұрмыс барған сайын нашарлау үстінде деген сауалға жауап беруін талап етеді.
Ал егер террорлық әрекеттері осылайша жалғаса берсе онда В. Путинның жағдайы одан әрі қиындасуы мүмкін, дейді сарапшы.
Ал Мәскеудегі Карнеги зерттеу орталығынан талдаушы Алексей Малашшенконың айтуынша, осы кезге дейін қауіпсіздік жағдайының нашарлауына қарамастан, Путин халықтың қахарынан құтылып келе жатқан болатын.
-Ал егер лаңкестер өз шабуылдарын осылайша жалғастыра берсе, ондай шабулдар үлкен қалаларда қайталана берсе, онда Путин бір емес бір неше сұраққа жауап беруіне тура келер, дейді Алексей Малашшенко.
Малашшенконың айтуынша, ресейліктер енді Путинге 1999-жылы өзі берген уәдесін қайталай есіне салмақшы. Ол кездегі жаңа саясаткер Путин Шешенстанға екінші рет соғыс ашу алдында Шешенстан мәселесін мәңгіге шешіп, Ресейді террорлық шабуылдардан ада етемін деп шешімді сөзін айтқан болатын. Бірақ одан бері 5 жыл өтсе де ол уәденің орындалатын түрі жоқ.
Экономист барлау орталығынан орыс талдаушысы Николас Редманның айтуынша, Ресей үкіметі БАҚ дарының басым көпшілігін өз бақылауы астында ұстап отыр.
-Әрине, абырой-беделге келгенде бұл террорлық шабуылдардың кері әсері барлығы шындық. Бірақ Шешенстан мәселесінде, Ресейдегі БАҚдары цензура кесірінен шындықты бүркемелеп көрсететіндігі тағы бар емес пе, - дейді таладаушы.
Дегенмен, басқа талдаушылар сықылды Редман да Ресейдегі жағдайдың жедел өзгеретіндігіне сенетін сықылды.
Ал бұл арада, екі ұшақ құлағанда Қара теңіздегі өз демалысын бөліп Мәскеуге оралған президент Путин, бұл ретте тағы да жедел кері қайтты. Оның үстіне Бесландағы мектептегі кепілдік тұтқын дағдарысына байланысты Түркие сапарын да кейінге қалдырды. Соған қарамастан, Путинның ел алдындағы атақ-абыройы пәлендей деуге келе қоймас, дейді сарапшы.
Бірақ Бесландағы қазіргі дағдарыстың өзі Путинның Шешенстан мәселесін талқылау үшін келіссөздерге отыруға мәжбур ете қоймас.
Ал, Алексей Малашшенконың айтуынша, Кремль Шешенстанның жікшіл жетекшісі Аслан Масхадовпен келіссөздерге баруы екі талай. Сондай-ақ, сарапшының пікірінше, жалғасып келе жатқан террорлық шабуылдар Путинның Шешенстандағы саясатына орай сындарды одан әрі күшейте түсуі мүмкін.
Бұл арада, Масхадовтың үкіметі өздерінің Беслан уақиғасына қатыстығы жоқ екендігін мәлімдеген. Тамыз айының соңында болған ұшақ апаттары Шешендстанда өткен президенттік сайлауларға сәйкес келді. Ол сайлауда Мәскеу қолдауындағы Алу Алханов жеңіске жетті.
Егер бұл аласапыран жалағаса беретін болса онда мәскеушіл шешен саясаткерлерінің өзі Шешенстанды тікелей әскери билік режиміне өткізуді қалауы мүмкін, дейді талдаушы.
- Әскерилер Шешенстандағы президенттік сайлауға қарсы болып, ол жерге әскери губернаторды басшылыққа жіберу керек деген болатын. Тіптен, бірнеше кандидатура да ұсынылған еді. Мен Шешенстаннан жақында оралдым. Айтпақшы, ол ұсынысты шешендердің біраз бөлігі де қолдайды, - дейді Малашшенко.