Заңды сынаушылар тамыз айында қабылданған бұл құжат Македонияны ұлттық белгі бойынша бөлшектейді дейді. Заң албандарға 16 муниципалитетте бақылау орнатуға жол ашуы мүмкін, себебі бұл жерлерде албандар көпшілік болып табылады. Осындай заңды қабылдау 2001 жылы албан партизандарымен жасалған бейбіт келісімнің негізгі шарты. Бұл келісімді толық орындау Македонияның Еуропа Одағына өтемін деген өтінішін қарау үшін өте маңызды деп өз кезегінде Еуропа Одағы айтқан болатын.