Делиде Үндістан мен Пәкістанның сыртқы істер министрлері бүгін Кашмир маңайындағы жанжалды басу мақсатындағы өзара 2 күндік келіссөзін аяқтады. Үнді министрі Натвар Сингхтың мәлімдеуінше, тараптар өзара келіссөздерінде бірқатар жетістікке жетті. Бірақ Пәкістаннан Кашмир өлкесіне өтіп жатқан исламдық жасақтарға ресми Дели қатты алаңдаушылық білдірді. Ресми Исламабад исламдық жасақтардың қолтығына су бүркеп отырғанын жоққа шығарды. Келіссөздер барысында тараптар Кашмирдегі шекарада атысты доғару туралы өткен жылы қол жеткен келісімді тағы да құптады.