Өкпесі қабынып емханаға жатқызылған Сербия президенті Борис Тадич күнделікті міндетін атқара бермекші

Сербия президенті Борис Тадич өкпесі қабынып емханаға жатқызылды. Президент кеңсесі өкілдерінің пікірінше, оның халі онша ауыр емес. Сербия президенті кеңсесінің бүгін таратқан мәлімдемесіне қарағанда, Борис Тадич инфекцияға ұрынған өкпесін емдеу үшін жексенбі күні Белградтың әскери бас емханасына жатқызылған. Ауруханаға жатуына қарамастан, 46 жастағы президент өзінің күнделікті міндетін атқара беретін көрінеді. Бірақ толық емделмей ауруханадан шығарылмайды.