Әл-Қайда ұйымы өкілдері төрт ұшақты алып қашып, оның үшеуін Нью-Йорктегі Сауда орталығы мен Пентагонға шабуыл жасауға пайдаланғалы бері де үш жыл уақыт өтіпті. Ал, төртінші ұшақ жолаушылары лаңкестерге қарсы көтерілгендіктен де олардың Ақ үйді немесе Конгресс үйін, болмаса АҚШ Парламенті үйін шабуылдау жоспарын жүзеге асырмай тастаған-ды. Содан кейінгі кезеңде лаңкестік әрекеттерге қарсы, оның ішінде Ауғанстан мен Ирақтағы соғыстардың басталып кеткені белгілі. Осы оқиғаларға арналған 4 бөлімнен тұратын тізбекті хабарлардың алғашқы бөлімінде аталған оқиғалардың біздің өмірімізге қаншалықты өзгерістер әкелгендігіне тоқтала отырып, 3 жыл бұрынғы тарих беттерін қайта парақтамақшымыз.
2001-ші жылдың 11-қыркүйегі, сейсенбі күні таң айрықша арайлап атқан еді. Нью-Йорк тұрғындары күнделікті әдеттерімен жұмыстарына асығулы, сондай-ақ қала мэрінің сайлаулары да жүріп жатқан болатын. Алайда, осы тыныштықты таңғы сағат 8:46-да әдеттен тыс көрініс пен шу бұзып кеткен еді. Нақтылай айтар болсақ, Бойнг-757 жолаушылар ұшағы қаладағы аспанмен тілдескен биік үйлер төбесінен де төмен ұшып келе жатты. Көшедегі халық Америка Әуе жолдарының Бостоннан шыққан ұшағының биіктігі 417 метрдей Әлемдік Сауда Орталығының солтүстік мұнарасына соқтыққанын көрді. Ресми тұлғалардың айтуынша, ұшақты Мұхамед Атта, тағы төрт көмекшілерімен бірге басқарып отырған. Ол жалпы осы шабуылдарды ұйымдастырушы деген күдік бар. Ұшақ ішінде жолаушылар мен ұшқыштарды қоса айтқанда, 94 адам бар еді. Дәл сол күні таң ертең деректі фильм жасаушылар Манхэттэн көшесінде бейне таспа түсіріп жатқан-ды. Сол алғашқы ұшақ үні олардың бейне таспаларына түсіп қалған екен.
Санаулы минуттардан кейін-ақ СНН, АБС теле арналары осы оқиға жөнінде алғашқы хабарларын беріп жатты. Бұл көрініс алғашқы сәтте кездейсоқ ұшақ апаты сияқты көрінген еді. Өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем сондықтан да, алғашқы көмектерін көрсетуге асыққан болатын.
Алайда, араға 17 минут салып, екінші ұшақ Сауда Орталығының оңтүстік мұнарасын келіп соққан кезде бұл әрекеттердің жай ғана кездейсоқтық еместігі түсінікті болған еді. Екінші ұшақ та Бостоннан шыққан болатын. Оның ішінде 53 жолаушы мен ұшықтар болған екен. Ол ұшақ ішінде де бес ұшақ алып қашушы болды, деген пікір бар.
Дәл сол кезде АҚШ елбасы Джордж Буш Флорида штатының Сарасотадағы бастауыш мектебінде кездесуде болған-ды.
Бірінші ұшақ соққысы туралы айтылғанда, бұл- кездейсоқ, оқыс оқиға ретінде қабылданып, Буш мырза кездесуін одан әрі жалғастырған болатын. Алайда, елбасының штаб басшысы Андрю Кард Буш мырзаның құлағына: “Елбасы мырза, екінші ұшақ Әлемдік Сауда үйін келіп соқты. Америкаға шабуыл жасалуда”-, деген болатын. Мектептен кетер алдында Буш мырза былай деп алғашқы мәлімдемесін жасаған еді: “Мен елбасы орынбасарымен, Нью-Йорк басшысымен және Федералдық тергеулер бюросы директорымен сөйлестім. Федералдық өкіметтің барлық бұлақтарынан құрбан болғандар мен олардың отбасы мүшелеріне көмек көрсетілуіне және осы әрекеттерді жүзеге асырған адамдарға байланысты толық түрде зерттеулер жүргізіліп, оларды қолға түсіруге бұйрық бердім. Біздің елімізге лаңкестік әрекеттер қарсы тұра алмайды”-, деген болатын Буш мырза.
Ал, сағат 9-дан 43 минут кеткен кезде бес ұшақ алып қашушының басқаруындағы үшінші ұшақ АҚШ-тың Қорғаныс департаменті- Пентагонды барып соққан еді. Ғимарат ішіндегі 125 адам, сондай-ақ ұшақ ішіндегі 63 жолаушы мен ұшықтар қаза болған-ды. Ал, Нью Жерсиден Сан Францискоға қарай ұшып шыққан төртінші ұшақта 38 жолаушы мен ұшқыштар бар еді. Жолаушылар сымсыз телефондары арқылы жердегі туыстарымен сөйлесіп, бұдан бұрынғы ұшақтар соққысы жөнінде естіп алған болатын. Сондықтан төрт лаңкестің аталған ұшақты да бомба ретінде пайдалану ниеті жүзеге аспай қалды. Себебі, оларға жолаушылар қарсы тұрған еді. Арада бірнеше минуттар өткенде бұл ұшақ Пенсильваниядағы Шанксвилл қаласы маңында жерге құлады. Ал, Нью-Йоркте болса, құлаған қос ғимарат үйінділерінің басып қалуынан қорқым, жан ұшырған бірнеше мыңдаған адамдар бас сауғалап қашумен болған. Оның кесірінен 2 мың 800-дей адам, оның ішінде 343 өрт сөндірушілер де бар, қаза болды.
Бүкіл әлем халқы мен басшылары бұл оқиғаларды ұйымдастырушыларды қатты айыптады. Сол күні түстен кейін елбасы Буштың Уашингтондағы қауіпсіздігінің қамтамасыз етлуі қиын екендігі айтылған болатын. Ол Небраскадағы Әуе күштері базасына ұшып кетуге мәжбүр болды. Осы оқиғалар өтісімен бірнеше сағаттардан кейін-ақ, “оны ұйымдастырушы Әл-Қайда лаңкестік ұйымы, сондай-ақ оның басшысы Осама бин Ладен Талибанның басқаруындағы Ауғанстанда жасырынып жүр”, деген пікір АҚШ өкіметі мен баспасөз беттерінде қалыптасып үлгерген болатын. Уашингтонға қайтып келісімен кешкі сағат 9-да елбасы Буш лаңкестердің өз жазасын алатындығын, сондай-ақ осындай үлкен елдің террорлық әрекеттерге қарсы күресті бастауына сол шабуылшылардың өздері себепші болғандығын мәлімдеген еді. Хабарымыздың келесі бөлімінде лаңкестік әрекеттерге қарсы күрестің әлемдік деңгейге қалай көтерілгендігі жөнінде әңгімелейтін боламыз.