Бұл бағытынан аталған елдің қайтпайтындығын Сыртқы істер министрлігі өкілі Хамид Реза Асефи мәлімдеп отыр. Оның сөзіне қарағанда, Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменей ядролық қаруды пайдалануға тиым салатын бұйрық жариялаған екен. Дүйсенбі күні БҰҰ жанындағы Халықаралық Атом энергиялық агенттігі Иранның Ядролық бағдарламасы жайын талқылайтын болады.