Дүниежүзілік сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Суданның Дарфур өлкесінде аштық пен зорлық-зомбылықтан ай сайын 10 мыңға жуық халық малдай қырылып жатыр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Суданның Дарфур өлкесінде аштық пен зорлық-зомбылықтан ай сайын 10 мыңға жуық халық малдай қырылып жатыр. Олардың басым көпшілігі сәбилер. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есептеуінше, ай сайын 1.2 млн. халықтың 6-10 мыңы қырылуда. Ресми Вашингтон Хартумда орналасқан Судан үкіметіне қарсы халықаралық жаза қолдануды талап етті. Кеше ЕуроОдақ Дарфур өлкесіндегі қара нәсілді халыққа қырғын салған қарулы араб тобын дереу ауыздықтамайтын болса, Суданға қатаң жаза қолданылатынын ескертті.