Сәрсенбі күні жарық көрген мерзімді басылымдардың бетінде сайлау науқаны туралы мақалалар көбірек орын алыпты. “Заң” газетінде “Аист” деп аталатын, Қазақстанның аграрлық және ауыл партиясы жарнамасының, Пушкин ескерткіш-мүсінінің дәл арқасына жапсырылып қойғаны айтылса, “Экспресс К” басылымы “Аист” партиясын қолдайтын сайлаушылардың Алматыдағы “Казкомрецбанк” бөлімшесі ғимаратының алдында наразылық шеруін өткізгендігі баяндалыпты.
Сәрсенбі күні жарық көрген “Заң” газетінің хабарлауынша, Парламент мәжілісі депутаттарын сайлау науқаны қарсаңында әр түрлі заң бұзушылықтар жер-жерден көрініс бере бастаған. Газет тілшісі Қалкөз Жүсіп, мұның себебін биылғы сайлау науқанының қарсаңындағы үгіт науқанының қызуының, бұрынғы сайлаулармен қарағанда біршама жоғары болып отырғандығымен байланыстырыпты. Мақала авторы, әсірісе, Астанада сайлаушыларды тарту жолында нағыз шайқастың жүріп жатқандығын айта келіп, депутаттықа үміткерлердің суреттерінің, жарнамалары мен бағдарламаларының қаланың барлық жеріне ілініп қойылғандығына тоқталыпты. Мақала авторының айтуынша, АИСТ блогының үгіт қағазы Астананың орталығындағы Дружба көшесінің саябағындағы гүлзар өсірілген төбеге орнатылған Пушки ескерткіш-мүсінінің дәл арқасына жапсырылып қойылыпты. Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, үй қабырғалары мен бағаналарға, басқа да қоршауларға жапсырылған үгіт қағазы заң бұзушылық болып саналады екен. “Өйткені, үміткерлердің ешқайсысы қоршаулар мен бағаналардың иесі –коммуналдық шаруашылықпен шарт жасаспаған” дейді мақала авторы.
Ал, “Экспресс К” газетінің сәрсенбілік санының бірінші бетінде жарық көрген Серік Қайранқұловтың бас мақаласында, сейсенбі күні АИСТ блогын қолдайтын адамдардың Алматы қаласындағы “Казкоммерцбанк” филиалының алдында нарызылық шеруін өткізгендігі баяндалыпты. Газет тілшісінің хабарлауынша, бұл наразылық шеруін АИСТ блогының басшылары Роман Мадинов пен Азат Перуашев өткізген. Мақала авторының айтуынша, Казкоммерцбанк бөлімшесінің алдына жиналған адамдар Казкоммерцбанктан және “Бутя” капиталдан жекшелендіру кезінде айырылып қалған ақшаларын қайтарып беруді талап еткен.
“Көзқарас” басылымының соңғы санында жарық көрген Лира Қоныстың “Қазақстан” байлығының мұрагері Машкевич па, әлде қазақ па” деген мақаласында Азат Перуашев басқаратын саяси партияны Қазақстанның ең ірі олигархы Александр Машкевичтің қаржыландырып отырғандығы сөз болыпты. Сондай-ақ мақала авторы, “Казкомерцбанктің” басшысы Нұржан Субханбердин және кезінде “Бутя” капитал қорын құрған Болат Әбілов секілді көптеген ұлттық бизнес орталықтары бар азаматтардың шетқары қалып келе жатқандығы тілге тиек етіліпті. Мақала авторы келтірген деректерге сүйенсек, Александр Машкевич қазақ алюминиінің каролі, Қазақстанның нөмірі бірінші олигархы және Еуразия банкінің директорлар кеңесінің төрағасы. Газет тілшісі Қазақстан экономикасының төрттен бірі Александр Машкевичтің қолында болуы республиканың қауіпсіздігіне де әсерін тигізетіндігін айта келіп, ұрты майланса республикадағы кеденшілердің Бен Ладенді де бала-шағасымен қалаған жағына өткізе салуға бейіл екендігін тілге тиек етіпті.
Егер де “Көзқарас” басылымы Қазақстан байлығының төрттен бірі Александр Машкевичтің қолында болуы республика қауіпсіздігіне әсерін тигізеді дегенді айтса, “Айқын” газетінің тілшісі Ораз Әлімбеков Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың терроршылар мен экстремистерді Қазақстаннан іздеп отырғандығын хабарлапты. Мақала авторының айтуынша, Өзбекстан президентінің қолында бар деректерге қарағанда, Қазақстанда 1600 ислам ұйымы бар, олардың 400-і ғана тіркеуден өткен. Сонымен қатар Ораз Әлімбеков, соңғы кездері Өзбекстандағы кейбір басылымдарда екі елдің арасын ушықтыратын мақалалардың көптеп жарық көре бастағандығына да назар аударыпты. Мақала авторының айтуынша, сондай мақаланың бірі “Ферғана Ру” интернет-газетінде жарық көрген. Ораз Әлімбековтың айтуына қарағанда, аталмыш мақалада Өзбекстандағы көктемде болған жарылыстарға қатысы болған Қазақстан азаматы Шоюсуповты қамауға алып, оны тергеу жұмыстарын жүргізу үшін өзбек жағының өтініш айтқандығы, бірақ оны қазақстандық құқық қорғау оны босатып жібергендігі баяндалыпты. Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, мұны газет тілшісіне атын атамауды өтінген Өзбекстанның ішкі істер органының лауазымды қызметкері айтқан.
“Аргументы и факты” газеті сәрсенбілік санында да осы тақырыпқа айрықша назар аударыпты. Аталмыш басылымның хабарлауынша, “Норд Осттағы” оқиғадан кейін, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік қызметі адамдар көп шоғырланған жерлерді баса назарға алу шараларын қолға ала бастаған. “Аргументы и факты” газетінің айтуынша, егер де Қазақстанда террорлық әрекет орын алса, Қазақстанның арнайы қызметі оған тойтарыс беруге даяр.
Сонымен қатар “Аргументы и факты” газетінің сәрсенбілік санындағы “Қазақстан” қосымшасындағы саясаттану ғылымының докторы Асқар Бақаевпен жүргізілген сұхбат та негізінен терроризм тақырыбына арналыпты. Газет тілшісіне берген сұхбатында Асқар Бақаев, Қазақстанда кез-келген уақытта терроризм әректетерінің белең алуы мүмкін екендігін жоққа шығармапты. Асқар Бақаевтың болжамына сүйенсек, Шәміл Басаев пен Аслан Масхадов террористік әрекеттерді жүзеге асыру үшін, жыл сайын 100 миллионға жуық доллар жұмсайды екен.
Ал, “Литер” басылымының сәрсенбілік санында сейсенбі күні Оралдан Алматыға ұшып келетін ұшақтағы бос салоннан чемоданның табылуы ұшақтағы адамдардың зәре-құтын ұшырғандығы хабарланыпты. Осыдан кейін аэропорт, аз уақыттың ішінде құтқарушыларға, иттері бар кинологтарға толып кеткен. Бірақ ешқандай да жарылғыш зат табылмаған. Осы орын алған оқиғаға қатысты берген шағын сұхбатында саясаттанушы Досым Сәтпаев бұл жерде ешқандай де терроризмнің ізі де жоқ екендігіне сенімді екендігін білдіріпті.