Ресми Вашингтон Ресей президенті Владимир Путиннің терроризмге қарсы күресті күшейту мақсатында елдің орталық билігін нығайту жоспарына қатты алаңдап отыр. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл: “Бұл – халықаралық қауымдастық көріп отырғандай, Мәскеудің іс жүзінде өткен кезеңде жүзеге асырылған демократиялық реформалардан бас тартуы”, -деп атап көрсетті. Ресей президентінің соңғы мәлімдемесіне ЕуроОдақ басшылығының мүшесі Крис Паттен де алаңдаушылық білдірді, бірақ, оның пікірінше, мұның барлығы – Ресейдің ішкі мәселесі.