Лавровтың пікірі АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Коллин Пауэлл Путиннің Ресейдің орталық лауазымдарын күшейту үшін жасаған қадамын демократиялық реформалардан шегіну деп бағалағаннан кейін айтылды. Путин бұл өзгерістер лаңкестікпен күресу үшін қажет деген болатын. Пауэлл лаңкестікпен күрес демократияны әлсіретуге себеп болмау керек деді.