Пәкістан президенті Первез Мушарраф бұрын берген уәдесіне қарамастан қарулы күштердің бас қолбасшысы болып қала береді. Пәкістанның ақпарат министрі Рашид Ахмадтың мәлімдеуінше, ел ішіндегі ахуал – Мушаррафтың екі лауазымда да отыра беруін талап етеді. Пәкістан оппозициясы мемлекет басшысының қарулы күштердің басшылығында қалуы конституцияға қайшы деп санайды.