Жылдамдығы сағатына 215 шақырымға жеткен дауыл және нөсерлеткен жаңбыр Алабама штатының портына жетті, енді ол көршілес Нью Орлеан қаласына қауіп төндіріп тұр. Америка билігі Айван дауылынан екі адам қаза болды деп хабарлап отыр. Алабама, Миссиссипи және Луизиана штаттарының жүз мыңдаған тұрғындары дауылдан қашып көшіп кетті. Бұған дейін Айван дауылы Кариб теңізіндегі аралдарда 70 адамның қазасына себепкер болған.