Сербияда жергілікті заң шығарушы билік тармақтарына сайлау өтіп жатыр. Онда ең басты бәсекелестік батыстың ықпалындағы реформашылдар мен әсіре ұлтшылдардың арасында өтпекші. Жергілікті билік өкілдерін сайлау Слободан Милошевичтің осыдан 4 жыл бұрын президенттік биліктен аластатылуынан кейін алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Сайлаудың алғашқы нәтижелері дүйсенбіде мәлім болады. 6 миллионнан асатын сайлаушы Сербияның 148 муниципалдық жиналысына және елдің солтүстігіндегі Воеводина өлкесінің парламентіне депутат сайлайтын болады.