“Біз келер жылдың қаңтар айында сайлаулардың өткізілуіне барынша ұмтылудамыз. Осы мерзімде істі жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз. Демократияның үстемдік құратындығына біз сенімдіміз. Ол Ирақта шын мәнінде жеңіске жетуде”-, деді Аллауи мырза. Аллау және Британия өкімет басшысы Тони Блейр өз өкіметтерінің бірлесе отырып, бір британдық және екі американдықты кепілдікке алынған жерлерінен босатуға әрекет етіп жатқандығын айтты. Олар бұл мәлімдемелерін Лондондағы пікірлесуден кейін жариялаған болатын. Олар сондай-ақ Ирақтағы көтерілістерді басуға уәде берісті. Сонымен бірге, жексенбі күні Фалужа қаласына АҚШ әскери күштерінің шабуылы барысында кем дегенде төрт ирақтық қаза болған. Бұл қалада АҚШ күштері мен көтерілісшілер арасындағы шайқастар одан әрі жалғасуда.