Ливияға салынған экономикалық тиымдарды АҚШ елбасы Джордж Буш алып тастады

Соның нәтижесінде екі ел арасындағы әуе қатынасы қайта қалпына келтірілген. Сондай-ақ, Ливияға тиесілі бір миллиард 300 миллион доллар қаржы да босатылған. 1988-ші жылы Шотландия әуе жолында апатқа ұшыратылған Бойнг-747-әуе кемесінің қаза болған 259 жолаушылары үшін Ливия бір миллиард доллар өтемақы төлеуі тиіс.