Орталық Азияда жүрген бейүкіметтік ұйымдар аса жауапты жұмыс атқарумен бірге жергілікті үкіметтің де қысымына тап болуда

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ
Соңғы жылдары Орталық Азиядағы 5 республика аймағында бейүкіметтік ұйымдардың түрлі салаларда белсенді қызмет атқарып келе жатқандығы белгілі. Бірақ хабарларға қарағанда, бұл ұйымдар аса жауапты жұмыс атқарумен бірге жергілікті ресми басшылықтың қудалауына, қысымына да тапа болатын кездері аз емес көрінеді. Ол халықаралық ұйымдарға әсіресе аутаритарлық режімдегі елдердің ресми үкіметі күдікпен қарайды екен.

Халықаралық бейүкіметтік ұйымдардың Орталық Азиядағы 5 тәуелсіз мемлекетіндегі жұмысы, тіршілік-өмірлері қашанда оңай болмаған, деп жазады талдаушымыз Брүс Пәнниер. Бірақ соңғы кездері ол ұйымдардың бұл 5 елдегі жұмыстары одан әрі қиындай түсіп отыр екен. Өзбекстанда бейүкіметтік ұйымдардың бір қатарын ресми тіркеуден алып тастаса, олардың бір тобы ресми үкімет тарапынан қатты сын-ескертпелерге тап болып отыр. Бірақ бұл ауру Орта Азиядағы өзге елдерге де жұға бастағандай.

Қырғызстандағы АҚШ Халықаралық дағдарыс тобында қызмет істейтін Дейвид Люистің айтуынша,

- Өкінішке орай, Орта Азия елдеріндегі басым көпшілік елдерде бейүкіметтік ұйымдарға қысым жасалатындығы ақиқат. Бұл әсіресе Өзбекстан мен Түрікменстандағы жағдайға тікелей қатысты. Ол екі елдегі бейүкіметтік ұйымдардың қызметі өте шектеулі, олар аса қиын жағдайда жұмыс істейді. Жеркілікті ресми әкімшіліктен олар қысымға жиі кезігіп тұрады, - дейді Дейвид Люис.

Ал, АҚШтағы Еуро-Азия тобының президенті Ян Бремердің айтуынша, Ауғанстанмен салыстырғанда, Орта Азиядағы бейүкіметтік ұйымдардың саяси табиғаты анық байқалады.

-Халықаралық ұйымның Орта Азия аймағындағы жұмысы көбірек саясатқа негізделген. Бұл жұмыс Ауғанстандағы қайта құру, немесе қайта тіктеу жұмысы емес қой. Орталық Азияда біз жариялылық, БАҚ, саяси реформа мәселесімен шұғылданып, азаматтық қоғам құруға көмектесіп келеміз, - дейді Ян Бремер.

Орта Азиядағы үкіметтердің табиғатымен жақыннан таныс талдаушылар тіптен ол елдерге бейүкіметтік ұйымдардың жұмыс істеуге қалай рұхсат етілетіндігіне таңданады. Мысалы, Түрікменстанда қызмет істеуге тіркелген ондай ұйымдардың шағын тобынан ол елдегі саясатқа араласпау талап етіледі. Дегенмен, көршілес республикаларда ол ұйымдардың жұмысына әзірше төзімділікпен қарайды. Халықаралық бейүкіметтік ұйымдардың бұл аймаққа әу бастан қалай келіп қалғандығы жөнінде Ян Бремер былай дейді.

-Ол ұйымдар алғашқы кезде Батыс елдерінің Орта Азияға деген қызығушылығына, игі ниеттеріне орай игі мақсатпен келген болар деп қабылданған. Сондай-ақ, Орта Азиялық 4 республика Беларус және Түрікменстан сықылды халықаралық қауымдастықтан шеттеп қалуды қаламады, - дейді Еуро-Азия тобының президенті Бремер.

Бірақ бұл елдерде де саяси жағдай өзгере бастағандай. Өзіндегі табиғат байлығы, сондай-ақ, стратегиялық орнына байланысты ортаазиялық мемлекеттер енді бейүкіметтік ұйымдардың сындары мен ескертулеріне одан әрі төзуді орынсыз деп отырғандай, дейді Ян Бремер.

Осы апта басында Өзбекстан халықаралық баспасөз ұйымы Интерньюстың жұмысын тоқтатты. Өзбекстан Әділет министрі, Интерньюс өз бағдарламасын тіркеуден өткізбеді, астанадан сыртқы аймақтағы жұмыстары жөнінде, мүшелері содай-ақ, жаңа мекенжайлары туралы ахбарат бермеді деген айып таңып отыр.

- Интернюс екі салада жұмыс атқарады. 1-ден, радио, теле журналистерді жаттығу, дайындықтан өткізіп, тәуелсіз хабарлардың кәсіби сапалық деңгейін көтеруге көмектеседі. Ал, БАҚдарын өз бақылауы астында ұстап отырған ресми үкіметке бұл ұнамайды. 2-ден, Интерньюс Өзбекстан үкіметі тарапынан баспасөз еркіндігіне жасалған қысымды жүйелі түрде құжаттап келеді, - дейді Еуропа мен Орта Азиядағы журналистерді қорғау комитетінің бағдарлама үйлестірушісі Алекс Люпис.

Сондай-ақ, жақында Өзбекстан Нью Йорктағы Ашық қоғам институтының Сорос қорын да тіркеуден өткізбеді. Өзбекстан БАҚ дары бойынша агентік жетекшісі Ұлуғбек Исмоилов бейүкіметтік ұйымдар жөніндегі өз ойын былайша жеткізеді.

Егер олар жекеше радио немесе теле стансаларын ашпақ болса қарсылық жоқ, бірақ олар заңға орай құжаттар тапсыруы керек. Бірақ олар саясатқа араласпай өзге қызықты ақпараттар тарата алады, - дейді агенттік жетекшісі.

Өзбекстанда алдағы желтоқсанда парламенттік сайлаулар өтпек. Бірақ осы кезге дейін, оппозициядан бір де бір партия тіркеуден өткен емес.