Шанхай ынтымақтастық ұйымының келісіміне қол қойылды

Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы алты елдің бас министрлері бүгін Бишкекте сауда, ғылым, технология және гуманитарлық жобалар әріптестігінің келісіміне қол қойды. Келісім өткен қыркүйек айында Пекинде мақұлданған еді. Ресей бас министрі Михаил Фрадков одақтастардың экономикалық қатынастарын арттыру терроризм және экстремизмге төтеп беру деген ұйымның басты мақсатына әбден сай деп сипаттады.

Қазақстан, Ресей, Қытай, Тәжістан, Қырғызстан және Өзбекстан Шанхай ынтымақтастық ұйымында 1996 жылы одақтасқан болатын.