Лаңкестік оқиғадан кейінгі Бeслан

  • Гүлмира ХАМЗА
Дүниежүзілік банк жетекшісі Джеймс Вулфенсон Ресей президенті Владимир Путинның орталық билікті күшейтемін, деген бастамасына қолдау көрсетті. Бұл туралы Дүниежүзілік банк жетекшісі “Уолл-стрит джорнэл” газетіне берген сұхбатында айтқан. Бұл бастама арқылы бірнеше лаңкестік оқиға орын алған мемлекетті толығымен бақылауға алуға болады, деген өз сөзінде Дүниежүзілік банк жетекшісі.

Бұл батыс саясаткерлері білдірген пікірге қарама-қайшы келеді. Бір апта бұрын АҚШ мемекеттік хатшысы Коллин Пауэл Владимир Путиның бастамасы арқылы Ресей демократиялық бағытты артқа қарай шегінеді, деген болатын. Ресей президенті Владимир Путинның ортылық билік күшін күшейтемін, деген ықыласын алғашқылардың бірі болып Солтүстік Осетияның үкіметіде қолдап отыр.

Ресми Владикавказ өкілдері Ресей президенті Владимир Путинның бастамасын алғашқылардың бірі болып қолдады. Сонымен қатар, Солтүстік Осетия жетекшілері соңғы бес жылда республика дәл осындай жүйемен жұмыс істегенін айтқан. Жоғарыдан төменге дейінгі билік жүйесін нығайту арқылы терроризммен жүргізіп отырған күрестің тиімдылығын арттырады, - дейді Солтүстік Осетия парламенті төрағасының бірінші орынбасары Лариса Хабицева:

-Жекелеген аймақта терроризммен күресу мүмкін емес, бұл істі федералдық билік істеу керек. Ал федералдық биліктің аймақтарда көмекшісі, немесе тұрақты тірегі болуы керек. Біздің мемлекет осы жүйеге ұйреніп қалған. Сол себептен демократиялық сайлау өткізудегі біздің тәжірибеміз, үмітімізді ақтамады. Бұл жүйеге де біз біртіндеп көшуіміз керек еді. Себебі коммунисттік диктатура кезінде жоғарыдан төменге дейінгі билік жүйесі қатаң болатын. Соңынан мұнын барлығы ыдырағаннан кейін мемлекетті басқару қиынға соққан шығар. Сондықтан бұл ұсыныс дер кезінде жасалып отыр.

Солтүстік Осетияның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында бұл шешім өте дұрыс шешім деп көп айтылады. Ал Бесланның кейбір тұрғындары Владимир Путин билігін дер кезінде күшейтіп жатыр, дегенді айтады. Сонымен қатар, олар Кеңестік заманды еске ала бастаған. Кеңес уақытын лаңкестік оқиға орын алған мектеп қасында тұратын Николайда есіне түсіріп тұрады. Мектепке шабуыл жасалған күні ол туратын үйдің 32 адамы қайтыс болған. Олардың негізгі бөлігі балалар.

Николай, Беслан тұрғыны: - Біз барлығымыз, яғни шешен, ингуш, осетиндар, орыстар барлығымыз бір болатынмыз. Сосын бізге өздерін демократ деп атайтындар келді. Қазіргі кезде Кавказдағы елдерде Шешенстан болсын, Ингушетия болсын, Осетиядағы азаматтардың жағдайы күллі Ресейдегі жағдаймен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Ұлтаралық наразылықты да солар әкелген. Кавказ халықтарын бір-біріне шағыстырып қойды.

Соңғы жылдары Беслан тұрғындары саясатқа араласпайтын, Николай сияқты әңгіме айтатындарды Солтүстік Осетия азаматтары арасынан көп кездестіруге болады. Беслан негізінен іскерлік жағынан жақсы дамыған қала. Бірінші мектепте қаза тапқан 300 астам адамның өлімі қаланы бір сәтте өзгетіп жіберді. Саясаттанушы Юрий Ханжинның пікірінше, ресми Мәскеу Беслан оқиғасын өз мүддесіне пайдаланғысы келеді:

- Путин мұндай шешімді лаңкестік оқиға орын алғаннан кейін бірден қабылдады. Негізінен мұндай шешімге көп ойланып барып келеді ғой. Бұл айтарлықтай салмақты реформа, бұл аз болса, бұл конституциялық реформа, яғни федерация жойылады. Президент губераторды тағайындайды,губернатор өз кезегінде әкімшілік жетекшісін тағайындайды.

Олай болса, бұл жерде демократия, федерация туралы сөз қозғаудың өзі артық. Ресей тарихына көз жүгіртсек, орталық билікті күшейту, жергілікті биліктің құқын шектейтін әрекеттер дәл осындай оқиғалардан кейін орын алған. Оқиға тек Солтүстік Осетияда болды, бірақ бұл оқиғаны сылтау етіп, федерацияның барлық жекелеген аймақтарындағы биліктің құқығын шектеу үшін пайдаланып отыр. Яғни терроризм унитарлық мемлекет құрғысы келетіндерге қолайлы. Ал унитарлық мемлекет Ресейді диктатураға алып келеді.

Лаңкестік оқиға ең алдымен осетиндерді, көршісі ингуштармен және де басқа ұлттармен, әсіресе мұсылмандармен ұрыстырып қою үшін ұйымдастырылған. Мұндай әдісті орыс үкіметі бұрындары да, өткен ғасырларда іске асырған. Енді жаңа заманда мемлекетті сақтап қалу үшін, ыдыраудың үстінде тұрған Ресейді аман қалдыру үшін, қазіргі билік өкілдері ескі әдісті іске қосты, -дейді мәскеулік саясаттанушы Юрий Ханжин.