Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Еуропалық білім беру жүйесіне көшкелі отыр. Осының аясында келер жылдан бастап философия докторларын даярлау жобасы басталмақшы. Фиолософия докторларын даярлау Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті пен Астанадағы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жүзеге асқалы отыр. Ал Еуразия ұлттық университетінің гуманитарлық институтының директоры Дихан Қамзебекұлы «Білім, ғылым саласында достастық елдері мемлекеттері арасында бірлестік қажет. Қазір Қазақстан өзінше батыс жүйесіне көшіп жатыр, Ресей жарым-жартылай көшіп жатыр, Молдавия секілді мемлекеттер бұрын да көшіп қойды. Сөйтіп, араласып жатқан мемлекеттер ырың-жырың болып, әртүрлі жағдайда көшіп жатыр, бұл жақсылыққа апармайды. Батыс жүйесіне де бірігіп барғанымыз жөн. Саусақты біртіндеп сындыруға болады, ал жұдырықты сындыру қиын», - дейді. Сондай-ақ, Дихан Қамзебекұлы «Батыстық жүйенің артықшылығы – мұнда мүмкіндігінше шығармашылық еркіндік бар. Алайда, сапа жағына көп көңіл бөлуіміз керек», - дейді.
Мәжіліс депутаты Амангелді Айталы «Ғалымдарды даярлау қай уақытта да қажет. Бірақ, сұраныспен даярланып жатқан кадрлардың арасында үйлесім жоқ. Біз ғылыми кадрларды да, басқа кадрларды да жалпы дайындай береміз де өндірістің, қоғамның, мәдениеттің, білімнің сұранысына байланысты кадрларды дайындай алмай жатырмыз. Демек, ғылыми кадрларды елдің талабына бейімдеу дұрыс. Егер сол 2 миллион доллар шығарылып дайындалатын кадрлар елдің сұранысына жауап беріп, дүниенің кетігіне кірпіш болып қаланып жатса, онда ол құба құп болар еді», - деп есептейді.
Қарағанды мемлекеттік университетінің физиология кафедрасының профессоры Нүркен Мырзаханұлы қазіргі кезде Қазақстандық оқу орындарында ғылыми атақтарын қорғаған ғалымдармен қоса, шетелдерден түрлі атақтар алып келіп жатқан азаматтардың көбейіп кеткендігін айтады. «Олардың біразының заңдық күші жоқ. Ол шапан жапқан сияқты нәрсе. Елде ондай азаматтарға назар аударатын да жағдай бар. Сондықтан кей кездері ондайлардың тасы өрге домалап жататын да тұстар кездеседі, оны өзіміз көріп жүрміз», - дейді Нүркен Мырзаханұлы.
Білім және ғылым министрі Жақсыбек Құлекеевтің айтуынша, қазіргі ғылым доқторлары мен ғылым кандидаттардың 25 пайызының ғылым мен білім беру саласына еш қатысы жоқ көрінеді. Ал қайсыбір ғалымдардың пікірінше, жаңа жоба іске асатын болса, сыбайластыққа, білім мен ғылым саласына кездейсоқ келушілерге тосқауыл қойылмақ.