Израильдің әскери тікұшақтары бүгін таңертең Газа аймағындағы босқындар лагеріне зымырандық соққы берді. Қаза болған немесе жапа шеккендер жайында әзірше хабар жоқ. Сенбі күні Израиль армиясының Хан-Юниске берген соққысынан 1 палестиндік опат болды. Одан кейін израильдік жауынгерлер палестиндіктердің көрші еврей қонысын зымырандармен атқылауына есе қайтарып, босқындар лагеріндегі бірнеше баспананы қиратты. Палестиндіктердің соққысынан израильдік бір әйел қаза болған болатын.