Иран өзінің ядролық бағдарламасы бойынша Америка Құрама Штаттарымен келіссөзге отырғысы келмейтінін тағы да мәлімдеп, әйтсе де Еуропа елдерімен диалогты бастауды ұсынды. Теһранда бүгін осылай деп мәлімдеген Иранның сыртқы істер министрі Хамид Риза Азефи, дегенмен де, еуропалықтарды қорқытып-үркітуден аулақ болуға шақырды. Жуырда Франция мен Германияға және Ұлы Британияға арқа сүйеген атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік – МАГАТЭ - Иранды байытылған уран өндірісін тоқтатуды талап етті. Бұл мәселе енді БҰҰ-ы Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына берілуі мүмкін.