Қырғызстанның 9 оппозициялық партиясы келесі жылға белгілеген парламенттік және президент сайлауының алдында бүгін өзара коалиция құрды. “Қырғызстанның халық қозғалысы” деп аталған коалиция - өзін кезекті президент сайлауына үміткер ретінде ұсынған бұрынғы премьер-министр Құрманбек Бәкиевтің бастамасымен бірлесті. Жаңа бірлестік елдегі биліктің 2005 жылғы сайлаудың еркін де бейбіт жолмен өтуі арқылы өзгеруі үшін жұмыс атқарып жатқанын мәлімдеп отыр.