Иранның ядролық бағдарламасы мәселесін БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына беруге Мәскеу қарсы – ол мәселені қарау, Мәскеудің пікірінше, атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік – МАГАТЭ-нің мандатына қарайды. Ресейдің қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Игорь Иванов бүгін осылай деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, Иранмен арада Бушердегі атом электр стансасы арқылы ядролық технологиялар саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамытатынын Ресей талай рет айтып келеді және тағы да қадап айтады. Бұған дейін МАГАТЭ Теһранды атом электр стансаларына отын есебінде және ядролық қару жасау үшін де қолдануға болатын байытылған уран өндірісін дереу тоқтатуға шақырған болатын.