Солтүстік Кәрей азаматтарына ұқсаған кісілердің үлкен тобы бүгін Канаданың Пекиндегі елшілігіне баса-көктеп кірді. Шамамен 40-қа жуық адам елшілікке саяси баспана алуды көздеп келген тәрізді. Дипломаттар мен елшіліктің ресми өкілдерінің айтуынша, әлгі топ тікенек сымы бар қабырғадан асып өту үшін сатыны қолданған көрінеді. Тротуардан тікенек сымнан асып өту үшін пайдаланылған тоқыма көрпелер табылды. Пекиндегі Канада елшісі Джозеф Кэрон бүгін журналистерге: “күндізгі сағат 2.40 шамасында адамдардың үлкен тобы елшіліктің алдына жиналып, қолдан жасалған сатымен қабырғадан асып өтті. Біз оларды елшілікке кіргізіп алдық”, -деп мәлімдеді.