Ирақтың ішкі істер министрлігінен хабарланғандай, АҚШ пен Ирақ күштері Бағдадтың таяуда ғана кескілескен шайқас болған Хайфа көшесінде бүгін көтерісілшермен қақтығысып қалды. АҚШ армиясы өкілдерінің хабарлауынша, кеше Бағдадтың шийттер тұратын Садр-Сити ауданына әуеден соққы беріліп, автокөлікке орнатылған зымырандық қондырғы жойылды. Сейсенбінің кешінде АҚШ-тың әскери күзеті өтіп бара жатқан Мосул қаласында автобомба жарылып, 6 американ жауынгері мен 2 Ирақ тұрғыны жараланды. Киевте Украинаның қорғаныс министрлігінен хабарланғандай, бүгін Ирақта болған кезекті жол оқиғасында украиндық әскери өкіл қаза болып, басқа екеуі жараланды.