Пәкістанның Оңтүстік Уәзиристан деген жартылай автономиялық провинциясында жол бойына қойылған бомба жарылып, бүгін төрт оқушы бала қаза тапты, бесіншісі жараланды. Әскери басшылықтың өкілі балалар қолдан жасалған бомбаны өздері тауып алып, жарылысқа өздері себепші болды дейді. Екі бала сол жерде, екі бала ауруханаға әкетіліп бара жатқанда өлді. Пәкістанның Ауғанстанмен шекараласатын Оңтүстік Уәзиристан провинциясында "Әл Қаиданың" жауынгерлері бекініп жүр деген соң Пәкістан әскері наурыз айынан бері мұнда әскери операцияларды өткізіп келеді, аймақта содан бері қақтығыс көбейіп кетті.