АҚШ және Ирақ әскерлері бүгін Самарра қаласында шайқасып жатыр

АҚШ және Ирақ әскерлері бүгін Самарра қаласында ирақ көтерілісшілері бекінген аудандарға кіріп, қайта тәртіп орнатуға әрекет жасады. Кескілескен көше шайқастары және әуе соққылыры бірнеше сағатқа созылып, 94 көтерілісші өлтірілді, деді американдық әскери өкіл. Самарра қаласы орталық ауруханасының дәрігері шайқастар барысында сол сияқты бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапты, бірнеше бейбіт тұрғын жараланды деді. АҚШ әскері тарапынан екі сарбаздың жараланғаны айтылды.

Көтерілісшілер пайдаланған көптеген машиналар, гранатаатқыштар топтары, минометтар ұялары істен шығарылды делінеді. Американдық сарбаздар Самарра қаласында кепілдікте отырған түркиялық азаматты азат етті, - деді американдық өкілдер. Бағдадтан 100 шақырым жерде орналасқан Самарра қаласында 100 мың халық жасайды. АҚШ әскерінің өкілі жыл соңына шейін сондай ақ Фәллуджа, Рамади қалаларында және Бағдад қаласының Садр сити ауданында тәртіпті қайта орнатамыз, бұдан қаңтар айында елде сайлау өткізуге жағдай туындайды деп сипаттады.