Ирақтағы АҚШ армиясының Самарра қаласындағы көтерілісшілерге қарсы шабуылы сәтті аяқталған

Ирақтағы АҚШ армиясының Самарра қаласындағы көтерілісшілерге қарсы шабуылы сәтті аяқталған. Армия басшылығының мәліметі бойынша, 125 партизан оққа ұшып, 88-і тұтқынға түскен. Самарра қаласындағы көтерілісті басуға шамамен 3 мыңға жуық АҚШ жауынгері мен 2 мыңдық Ирақ қолы қатысты. Алайда, сүнни мұсылмандарының діни жетекшісі Муһаммад Башар Әл-Фаиди: “Үкімет біздің проблемаларымызды АҚШ көрсеткен жолмен шешпекші. “Американың жолы” деп менің нені айтып отырғанымды сіздер білесіздер. Бүгін Самаррада, кеше Ән-Наджаф пен Әл-Фаллуджада болған оқиғалар жаман ырым. Ирақ халқы ол қантөгістерге жауаптыларды кешірмейді, олардың саясатын сыйламайды”, -деп наразылық білдірді.