Бұл науқан елбасылық сайлауларға төрт күн қалған кезде өткізіліп отыр. Атап айтқанда, Ғазни қаласының көпшілікке арналған паркінде оны 10 мыңнан аса халық қарсы алған болатын. Қауіпсіздік шаралары қатаң жағдайда қамтамасыз етілген еді. Қазанның 9-да болатын бұл сайлауларда Қарзай мырза жеңіске жететін сыңайлы. Одан басқа тағы 17 үміткер өз бақтарын сынамақшы.