АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд: Ирақта азамат соғысы болмайды деген пікірімен бөлісті.

Нью-Йоркте кеше сөйлеген осы сөзінде ол Самаррадағы жағдайдың қалпына келтіріле бастағандығын тілге тиек етіп, қаңтар айындағы сайлауларға дейін елде тұрақтылық орнатуда ігерілеушіліктің болатындығын айтты. Соғысқа дейін Ирақта жаппай қырып-жоятын қару болған ба еді, деген сауалға Рамсфельд мырза соғысқа дейінгі бұл жөніндегі жиналған ақпараттардың қате боп шыққандығын айтты. Мұның өзі қорғаныс хатшысының бұған дейінгі мәлімдемесіне қайшы келіп отыр. Бірнеше сағат бұрын айтқан сөзінде “Саддам Хусейн билігі кезінде Ирақ пен әл-Қайда арасында байланыс болмаған”, деген пікірді өзінің айтпағандығын, бұл жай ғана сөзінің дұрыс түсіндірлемгендігі, деп анықта мәлімдеме жасады.