Химия саласы бойынша үш ғалым Нобель сыйлығына ие болды.

Олар- израйльдік ғалымдар Арон Сичановер мен Аврам Хершко және америкалық ғалым Ирвин Роус. Ауруға қарсы тұру үшін қажетсіз протейндердің пайда болғаны жөнінде адам ағзасы қандай белгілер бере алады?-деген сауал бойынша ғалымдар осы ғылыми еңбектерін өрістеткен еді. Бір миллион 360 мың доллар сыйақыны олар өзара бөлісетін болады.