Демек, 2008-ші жылға дейін 12 мың 500 АҚШ әскерилері шығарылатын болады. Бірлескен бұл мәлімдеме қос тарап жағынан да жасалып отыр. Оңтүстік Корея Қорғаныс министрінің көмекшісі Ахн Куаң Чаң баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде:“Әскери қорғаныс саласында ақ таңдақтар болмас үшін Оңтүстік Корея мен Құрама Штаттары соңғы келісімге қол жеткізді. Ол бойынша әскери күштерді елден шығару ісі 2008-ші жылға дейін жалғаспақшы”-, деді.