Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының Алматыдағы орталығы мен Қазақстан үкіметі бірігіп, “Коррупцияға қарсы күрестің ұлттық және халықаралық құқықтық үздік тәжірибелері” атты басқосу өткізді. Бұл халықаралық жиынға қатысушылардың пікірінше, Қазақстандағы жемқорлық пен коррупцияны ауыздықтау үшін мұны заңдық тұрғыдан қатаң тыйатын механизмін ойластыру қажет деген тұжырым жасап отыр.
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының Алматыдағы орталығы өкілдерінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан басқосуда бірқатар шетелдік ұйымдардан келген экономика саласының мамандары Қазақстандағы коррупцияның өркен жайуына біркездегі елдегі жекешелендірудің жабық жағдайда жүргізіліп келгендігі басты себеп болуы әбден мүмкін деген болатын. Алайда бір кездердегі Қазақстанның жекешелендіру жөніндегі комитетін басқарған, ал бүгінде ҚР президентінің қарауындағы Экономикалық қылмыстарға және коррупцияға қарсы күрес жөніндегі агенттігінің төрағасы Сарыбай Қалмырзаев бұндай дерегі нақты емес болжам-долбарлармен келіспейтіндігін білдірді. Оның айтуынша, осы іспетті ойлардан шығатын ішіп-қойыпты,жеп қойыпты деген қауесетті тоқтатып, нақты адамды айыптауды дәлелдемей ол туралы ақпарат таратуды тоқтату қажет дейді.
Алайда Еуропалық одақтың өкілі Роман Шлапак экономикасы өтпелі жағдайды бастан өткеріп жатқан елдердің бірі Қазақстандағы коррупцияны жоққа шығара алмаймыз дейді.
Ал ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Сергей Жалыбиннің айтуынша, қандайда азамат өзінің табатын табысынан орасан көп тұратын мүлікті өзінікі екенін дәлелдеу қажет. Алайда мұндай заңдық норма бізде жоқ дейді.
Дегенменде ҚР Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік департаментінің тергеу басқармасының бастығы Талғат Ибраймов өздерінің ішкі істер саласындағы коррупциямен күресті қарқынды жүргізіп жатқандарын айтады.
Осы мәселеге орай экономика саласының сарапшысы Құрман Алшанов бұл дертті түбірімен жою мүмкін емес дегенді айтады.
“Коррупцияға қарсы күрестің ұлттық және халықаралық құқықтық үздік тәжірибелері” атты басқосу соңында, сейсенбі күні жиынға қатысушы сарапшылар ортақ құжат қабылдап, оны болашақтағы жұмыстары үшін Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының Алматыдағы орталығына тапсырмақ.