Экономистер Финн Кидлэнд пен Эдвард Прескотт экономика бойынша 2004 жылғы Нобель сыйлығын жеңіп алды. Олар макроэкономика мен іскерлік саласындағы еңбектері үшін жеңіске жетті. Норвегиялық Финн Кидлэнд Американың Carnegie Mellon Университетінде, ал Эдвард Прескотт – АҚШ-тың Аризона штатындағы университетте сабақ береді. Екі жеңімпаз 1.3 млн. доллар сыйақыны өзара бөліп алатын болады.